Accessibility links

Польша "гибридтік соғысқа" қарсы еріктілер күшін құрып жатыр


Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич ұлттық резерв күштерінің ант қабылдау рәсімі кезінде. Бранево, Польша. 3 маусым 2016 жыл.
Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич ұлттық резерв күштерінің ант қабылдау рәсімі кезінде. Бранево, Польша. 3 маусым 2016 жыл.

Польша қорғаныс министрі Антони Мацеревич 35 мың адамнан тұратын еріктілер күшінің басшылық құрылымы мақұлданып, командирлері тағайындалғаны туралы хабарлады. Ресеймен қарым-қатынастағы шиеленістің күшеюіне байланысты Польша билігі қыркүйек айында осы бөлімшелер қатарын азаматтармен толықтыруды бастағалы отыр.

Аталған бөлімшелерді орналастыру барысында Польшаның шығыс аймақтарына басымдылық берілмек. Бұл өңірлердің Ресей тарапынан қысымға ұшырау қаупі зор деп саналады.

Азаматтық еріктілерден бөлімшелер жасақтап, оларды әскери іске машықтандыру арқылы Польша билігі Батыс сарапшылары айтып жүрген Ресейдің Қырымды басып алғанда және сепаратистер қолдауына сүйеніп Украинаның шығысында қолданған «гибридтік соғыс» қаупіне қарсы тұруды мақсат етеді.

Сәуірде Мацеревич Польшаға «өзінің басқыншылық пиғылын жасырмайтын көршісі Ресейдің іс-әрекеттерінен қауіп-қатер төніп тұрғандықтан», жаңа әскерилендірілген күш қажеттігін айтқан еді.

XS
SM
MD
LG