Accessibility links

Пекин мен Лондон Олимпиадаларына қатысқан бес қазақстандық допинг күдігіне ілінді


Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары кезінде.
Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары кезінде.

Пекин (2008) мен Лондон (2012) олимпиадаларына қатысқан қазақстандық бес спортшының сынамасы күдік тудырған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада (ҰОК) комитеті мәлімдеді.

ҰОК Халықаралық олимпиада комитетінен бұл туралы хабар алғанын және қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамасын қосымша тексеру процедурасы басталғанын да растады.

Қазіргі таңда «Б» допинг сынамалары Халықаралық олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр.

Қазір Қазақстан өкілдерінің қатысуымен Лозанна (Швейцария) қаласында, «Б» допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес аталмыш процедура құпия сақталады.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана ресми ақпарат бермек.

XS
SM
MD
LG