Accessibility links

Сирия армиясы Ракка провинциясының шекарасынан өткен


Батыс елдерінің бірлескен коалициясы әуе күштерінің бомбалаушы ұшақтары Ракка қаласындағы нысаналарға соққы беру үшін әуе көтеріліп барады.
Батыс елдерінің бірлескен коалициясы әуе күштерінің бомбалаушы ұшақтары Ракка қаласындағы нысаналарға соққы беру үшін әуе көтеріліп барады.

Ресей әскери ұшақтарының қолдауымен Сирия армиясы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы шабуылға шығып, Ракка провинциясы шекарасынан өткен. Бұл туралы сириялық адам құқығын бақылау жөніндегі орталықтың бүгін таратқан ақпаратында айтылған.

Ресей әуе күштері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы бақылауында ұстап отырған аймақтарға, Сирияның Хама провинциясының шығыс аудандарына, Ракка провинциясының шекарасы маңына жұма күні елеулі соққылар берген соң Башар Асад режимінің қарулы күштері провинция шекарасынан өткені хабарланды.

Одан шығысқа қарай орналасқан Ракка қаласы, Ирактағы Мосул қаласы тәрізді, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының Сириядағы астанасы саналады.

Сирия армиясының бұл шабуылы көлемі жағынан соңғы күндері «Ислам мемлекеті» тобына қарсы жүргізілген үшінші ірі операция болып отыр.

XS
SM
MD
LG