Accessibility links

Қазақстан Кариб елдері ассоциациясы жанындағы бақылаушы мәртебесін алды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Куба президенті Рауль Кастро. Гавана, 2 сәуір 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Куба президенті Рауль Кастро. Гавана, 2 сәуір 2016 жыл.

Кариб мемлекеттері ассоциациясына (КМА) мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының Гаванада өткен 7-саммитінде Қазақстан осы ұйым жанындағы бақылаушының ресми мәртебесіне ие болды деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратында Қазақстанның КМА-ға қосылуы аталған аймақ елдерімен туризм, энергетика, денсаулық сақтау және өзге салалар бойынша өзара тиімді әріптестік дамытуға деген ұмтылысымен түсіндірілген. Биыл сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кубаға мемлекеттен сапармен барған.

КМА құрамына Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы 25 мемлекет мүше. Қазақстанмен бірге КМА жанындағы бақылаушылар қатарында Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерланд, Канада, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь және өзге мемлекеттер бар.

XS
SM
MD
LG