Accessibility links

Польшада НАТО әскери жаттығуы басталды


НАТО әскерилері (Көрнекі сурет).
НАТО әскерилері (Көрнекі сурет).

НАТО-ға мүше елдер мен олардың серіктестері Польшада "Анаконда-16" деп аталатын өз тарихындағы ең ірі әскери жаттығу бастады. Жаттығуға Польша, АҚШ пен НАТО-ның өзге 17 мемлекетінен 31 мың әскер қатысады. Олардың 12 мыңы - Польша әскері, 14 мыңға жуығы - америкалық, мыңы - британ әскері. Ресей НАТО әскерінің өз шекарасына жақындауын қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп атап, кеше жауап шараларын жасайтынын мәлімдеген.

3 маусымда Балтық бойы елдерінде де әскери жаттығу басталған. Жаттығу 18 маусымға дейін созылады. Оған 17 елден, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Дания, Швеция мен Финляндиядан 6 мың әскер қатысып жатыр. Ресейдің НАТО-ағы тұрақты өкілі Александр Грушко Мәскеу Балтық бойы елдеріндегі жаттығудан Ресейге "қауіп бар-жоғын" зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Бірнеше аптадан соң Варшавада НАТО саммиті басталуы тиіс. Саммитте НАТО-ның Польша мен Балтық бойы елдеріндегі әскери әлеуетін күшейту мәселесі шешілмек.

XS
SM
MD
LG