Accessibility links

Қазақстанда бүгін - Ақтөбедегі шабуыл құрбандарын аза тұту күні


Қазақстан президенті резиденциясында аза күніне байланысты төмен түсірілген ту. Алматы. 9 маусым, 2016жыл.
Қазақстан президенті резиденциясында аза күніне байланысты төмен түсірілген ту. Алматы. 9 маусым, 2016жыл.

Бүгін, 9 маусым - Қазақстанда Ақтөбедегі қарулы топ шабуылынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерді ұлттық аза тұту күні.

5 маусымда Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, 8-і - бейбіт тұрғын. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

Қаралы күнде мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсіріледі, телеарналар мен радиоарналарда күні бойына ойын-сауықтық, көңілашар бағдарламалар, жарнамалар көрсетілмейді.

XS
SM
MD
LG