Accessibility links

БҰҰ: Жеңіліске ұшыраған ИМ шетелде шабуылды күшейтуі мүмкін


БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельтман.
БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельтман.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Сирия мен Ирактағы әскери сәтсіздіктері ұйым содырларын Батыс елдерінде, Ресей мен басқа да елдерде шабуыл жасауға құлшындыруы мүмкін деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельтман.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеме жасаған Фельтман ИМ Ирактағы территорияларына АҚШ қолдаған күштердің, Сириядағы территорияларына Ресей қолдаған күштердің бір уақытта жасаған шабуылынан әскери жағынан әлсірегенін айтты.

Бірақ ол ИМ-нің әлсіреу процесі қайтымсыз емес екенін ескертті.

"Соңғы әскери сәтсіздіктерден соң ИМ өзінің бөлімшелерін күшейтіп, қаржыны қазіргі қақтығыс аймағынан тыс жерлерге шығару, Париж бен Брюссельдегі сияқты кең ауқымды, күрделі, халықаралық шабуыл ұйымдастыру сияқты жаңа іс-қимыл кезеңіне көшуі мүмкін" деді Джеффри Фельтман.

Ол ИМ Сирия мен Иракта жеңілістерге ұшыраған соң ұйым сапында болған шетелдік содырлар өз елдері - Батыс мемлекеттері, Ресей және басқа да елдеріне көптеп қайтып жатқанын және онда шабуылдар жасауы мүмкін екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG