Accessibility links

Сирия армиясы БҰҰ керуені көмек жеткізген Дарайя қаласын шабуылдаған


Сириядағы Дарайя қаласы. 31 қаңтар 2014 жыл.(Көрнекі сурет.)
Сириядағы Дарайя қаласы. 31 қаңтар 2014 жыл.(Көрнекі сурет.)

АҚШ пен Франция аштық азабын тартқан қоршаудағы Дарайя қаласы тұрғындарына азық-түлік жеткізілгеннен кейін көп ұзамай қаланы бомбалады деп Сирия үкіметін айыптады. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет Дарайяға гуманитарлық көмек 9 маусым күні кешке жеткізілген. Тұрғындар мен бақылаушылардың айтуынша, келесі күні таңертең қаланы атқылап, әуеден соққы берген Сирияның үкімет күштері гуманитарлық көмекті таратуға кедергі келтірген.

Бұған дейін Сирия үкіметі ел аумағында қоршауда ұстап отырған 19 аймақтың 15-іне азық-түлік жеткізу туралы БҰҰ-мен келісім жасап, соған сәйкес Дарайяға гуманитарлық жәрдем тиелген автокөлік керуені жіберілген.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Марк Тонер Сирия әскерінің шабуылы азық-түлікке аса мұқтаж тұрғындарға жәрдем жеткізуге бөгет жасады деп туралы мәлімдеген.

Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро Сириядағы Асад режимін халықаралық қауымдастықтың қатты қысымынан соң мұқтаж жандарға жәрдем жеткізуге келісім бергенімен, кейін бомбалауды қайта бастап екіжүзділігін танытты деп айыптады.

XS
SM
MD
LG