Accessibility links

Министрлік: Ақтөбедегі оқиғаларда зардап шеккен 14 адам ауруханада жатыр


Жедел жәрдем ауруxанасының жан сақтандыру бөлімінде жатқан адам. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.
Жедел жәрдем ауруxанасының жан сақтандыру бөлімінде жатқан адам. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл.

Ақтөбеде жексенбіден бері қарулы шабуылдар мен арнайы операциялар барысында зардап шеккен 14 адам қазір қаладағы ауруханаларда ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланады. Бұл туралы бүгін Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, Ақтөбедегі оқиғалар кезінде ауыр жараланған әскери қызметкер Сырым Сүндетовті жұма күні кешкісін санитарлық авиация Ақтөбеден Астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты түрде ауыр» деп сипаттаған.

Бұған дейін жұма күні Ақтөбеде күш құрылымдары жүргізген арнайы шара кезінде ауыр жараланған күдікті жергілікті ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарланған.

Ресми деректер бойынша, өткен жексенбіден бері Ақтөбедегі белгісіз адамдардың қарулы шабуылдары мен оған қарсы күш құрылымдары жүргізген арнайы операциялар барысында барлығы 25 адам қаза тапқан. Мерт болғандардың арасында үш әскери және төрт бейбіт тұрғын бар.

XS
SM
MD
LG