Accessibility links

Лондонда ІІ Елизавета патшайымның 90 жылдығын тойлап жатыр


ІІ Елизавета патшайымның 90 жасқа толу құрметіне шығарылған пошта маркалары.
ІІ Елизавета патшайымның 90 жасқа толу құрметіне шығарылған пошта маркалары.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның 90 жасқа толу құрметіне Лондонда салтанатты шаралар өтіп жатыр. Үш күнге жалғасатын мереке жұма күні Қасиетті Павел шіркеуіндегі мінәжаттан басталды, оған патшайымның отбасы мүшелері қатысты.

Бүгін патшайым отбасы мүшелері мінген күймелер Лондон орталығындағы алаңға келді, сол жерде король гвардиясының қатысуымен әскери парад өтті.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 21 сәуірде дүниеге келген. Бірнеше ғасырдан жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша, британ монархтарының туған күні екі рет: біріншісі нақ туған күні, екіншісі – маусым айында атап өтіледі. Маусымдағы шара ресми туған күн болып саналады және бұл мезгіл король гвардиясының парадын өткізуге қолайлы болады.

Кеше, 10 маусым күні патшайымның жұбайы Филипп ханзада 95 жасқа толды.

ІІ Елизаветаның патша тағында отырғанына 64 жыл болды, оған дейін тарихта ешбір британ монархы осыншама ұзақ уақыт ел билемеген.

XS
SM
MD
LG