Accessibility links

АҚШ-та жас әнші Кристина Гримми қастандық құрбаны болды


Америкалық әнші Кристина Гримми.
Америкалық әнші Кристина Гримми.

Америкалық әнші Кристина Гримми жұма күні Орландо қаласында концерттен кейін жұртқа қолтаңба беріп тұрған кезде белгісіз біреу оған оқ атқан. Ауыр жараланған әнші арада біраз уақыт өткенде жан тапсырған.

Гриммидің қазасы туралы ақпаратты жергілікті полиция мен әншінің өкілі растады деп хабарлайды Associated Press.

Оқиға болған жерде әншінің бауыры күдіктіні ұстап үлгергенімен әлгі адам өз-өзін атқан деп хабарлады полиция. Күдіктінің аты-жөні және қылмыстың себебі әзірше белгісіз.

Жұртшылыққа The Voice телешоуы арқылы танылған 22 жастағы Кристина Гримми 2013 жылы YouTube сайтында ең көп қаралған үздік бес әншінің бірі ретінде аталған.

XS
SM
MD
LG