Accessibility links

Ақтөбе облысында террорлық қауіп деңгейі төмендетілді


Нұрғали Білісбеков - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары. Ақтөбе, 12 шілде 2016 жыл.
Нұрғали Білісбеков - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары. Ақтөбе, 12 шілде 2016 жыл.

Ақтөбеде маусымның 5-і күні жасалған қарулы шабуылдарға қатысты іздеудегі күдіктілердің бәрі қолға түскені туралы бүгін Ақтөбедегі брифингте Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді. Ол республикалық жедел штабтың шешімімен Ақтөбе облысы бойынша террорлық шабуыл қаупі ең жоғарғы (қызыл) деңгейден бәсең (сары) деңгейге түсірілгені туралы хабарлады.

ҰҚК өкілінің айтуынша, қарулы шабуылдарға күдікті 9 адам ұсталған, терроризмге қарсы арнайы операциялар барысында 18 күдіктінің көзі жойылған, олардан 23 дана қару алынған. Шабуылдаушыларға қатысты қозғалған 25 қылмыстық іс бір өндіріске біріктірілді деді Білісбеков.

Ақтөбеде 5 маусымда белгісіз қарулы топ екі қару дүкенін тонап, көшеден тоқтатып, басып алған жолаушылар автобусымен ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасаған. Билік бұл шабуылды «теракт» деп бағалап, оны «радикалды діни ағымдағылар» жасады деп мәлімдеген. Шабуылдар салдарынан үш әскери және төрт бейбіт тұрғын қаза тапқан.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің брифингі:

ҰҚК Ақтөбедегі шабуылдарға күдіктілер түгел ұсталғанын мәлімдеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

XS
SM
MD
LG