Accessibility links

Варшавада кезекті рет "Теңдік шеруі" өтті


«Теңдік шеруіне» қатысушылар. Варшава, 11 маусым 2016 жыл.
«Теңдік шеруіне» қатысушылар. Варшава, 11 маусым 2016 жыл.

Польша астанасында сенбі күні «Тең құқықтар – ортақ іс» деген ұранмен жаппай «Теңдік шеруі» өтті. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, шараны ұйымдастырған «Гомофобияға қарсы кампания» белсенділерімен бірге шеруге саясаткерлер, дипломаттар, сонымен бірге шетелден келген адамдар қатысқан.

«Біз теңдік идеясын жеткізгіміз келеді. Адамның жыныстық өзгешелігі, физикалық мүмкіншіліктері я кемшіліктері, дінге, саясатқа немесе философияға көзқарасына қарамастан біздің барлығымыз теңбіз» деп мәлімдеген профессор Иоанна Сэнышын.

Шеруге қатысушылар жыныстық азшылық өкілдері, босқындар, шетелдіктер, мүгедектер үшін құқық теңдігін талап етті, сонымен бірге мектептерде жыныстық тәрбие сабағын енгізуге шақырды.

Варшавада алғаш рет «Теңдік шеруі» бұдан он жыл бұрын - 2006 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG