Accessibility links

Әлем чемпионатының қола медалі Подобедоваға берілді


Светлана Подобедова.
Светлана Подобедова.

Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатының қола медалін алды. Бұл туралы IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) ресми сайтында хабарланды.

Лондон олимпиадасының чемпионы Подобедова 2015 жылы қарашада Хьюстондағы әлем чемпионаты кезінде 75 килограмда төртінші орын иеленген. Сол жарыста қола медальды ресейлік Ольга Зубова алған. Бірақ Зубова "допинг қолданды" деген айыппен қола медальды қайтарып берді. Ресейлік ауыр атлет IWF шешімімен "екінші рет допинг қолданғаны үшін" сегіз жыл спорттан шеттетілді.

Хьюстондағы әлем чемпионатында күміс пен қола медаль алған қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев та допинг қолданды деген айыппен уақытша спорттан шеттетілген. IWF қос қазақстандыққа қатысты соңғы шешімді әлі жариялаған жоқ.

XS
SM
MD
LG