Accessibility links

Иран: Иракпен шекарада бес күрд жасағының көзі жойылды


Ирандағы Күрдістан еркін өмір партиясының жасақтары (Көрнекі сурет).
Ирандағы Күрдістан еркін өмір партиясының жасақтары (Көрнекі сурет).

Иранның элиталық Ислам революциялық сақшылар корпусы (ИРСК) Иракпен шекараға жақын аймақта бес күрд жасағының көзін жойғанын хабарлады.

ИРСК 13 маусымда таратқан мәлімдемесінде Күрдістан еркін өмір партиясының (PJAK) бес мүшесі бір ай бұрын Иранның "Басидж" милиция бөлімінің үш өкілін өлтіруге қатысы бары айтылады.

"Иракпен шекарадағы Сардашт аймағында террористік PJAK тобынан шыққан бес адам анықталып, көзі жойылды" деп хабарланды Иран революциялық сақшылар корпусының ресми сайтында. Корпус оқиғаға қатысты бұдан өзге ақпарат бермеген.

PJAK - Иракта орналасқан ирандық күрдтердің партиясы. PJAK-тың Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар. Партия мүшелері Иран-Ирак шекарасында ирандық шекарашылармен жиі қақтығысып қалады.

XS
SM
MD
LG