Accessibility links

Фаллуджаны тағы 4 мың бейбіт тұрғын тастап шықты


Фаллуджадағы әскери қимылдардан бас сауғалаған ирактықтар. Ирак, 30 мамыр 2016 жыл.
Фаллуджадағы әскери қимылдардан бас сауғалаған ирактықтар. Ирак, 30 мамыр 2016 жыл.

Ирак әскерилері "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бақылауындағы Фаллуджа қаласын 4 мың ирактық тастап шықты. Ирак әскері Фаллуджадан бейбіт тұрғындардың шығып кетуі үшін қауіпсіздік дәлізін ашқан.

Ирактағы ішкі көші-қонға көмек көрсететін Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесі 13 маусымда Ирак әскері Фаллуджаны азат ету операциясын бастағалы бері қаладан 27 мың 580 бейбіт тұрғын кеткенін мәлімдеген. Кеңес мәліметінше, кейбір босқындар исламшылдар өздерінен қаладан кетуі үшін адам басына 130 доллардан талап етіп жатқанын айтады.

Гуманитарлық ұйым дерегіне қарағанда, Фаллуджада кем дегенде 50 мың бейбіт тұрғын қалып отыр. Ал БҰҰ қалада ауыз су мен азық-түліктен тапшылық көріп отырған 90 мыңға жуық бейбіт тұрғын болуы мүмкін дейді.

Ирак әскері шииттік отрядтар мен АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуе күштерінің қолдауымен Фаллуджаны азат ету операциясын 22 мамырда бастаған. Фаллуджаны ИМ ұйымы 2014 жылы қаңтарда басып алған.

XS
SM
MD
LG