Accessibility links

Божко: Украин саясаткері туралы пікірді қызбалықпен айттым


Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко.
Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко.

Парламент мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко украиналық саясаткер Ирина Фарион туралы айтқан пікірін "қызбалықтан" айтып қойғанын мәлімдеді. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Божко бұл туралы журналистерге мәжіліс жиынының арасында айтқан.

"Біраз қаттырақ айтып қойғаным әрине, рас. Мойындау керек, мұны басқадай сөзбен айтуым керек пе еді. Бұл жерде әрине, қызып кеттім" деген Божко.

Божко 10 маусымда Қарағандыда этномәдени орталықтар өкілдерімен кездесуінде Ирина Фарионды Украинадағы орыс тілінде сөйлейтіндерді адам емес деп атағаны үшін сынап, оны "жеңіл жүрісті" деген мағынада атаған.

Божконың пікіріне байланысты Украинаның Қазақстандағы елшілігі мәлімдеме жасап, "офицерлерге әйелдерді "жеңіл жүрісті" деп атау жөнсіз" екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG