Accessibility links

Ресей "Роснефть" акциясын "стратегиялық серіктеске" сатпақ


Ресейдің "Роснефть" компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечин.
Ресейдің "Роснефть" компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечин.

Ресей мемлекеттік "Роснефть" мұнай компаниясы акциясының жиырма пайызға жуығын "стратегиялық серіктеске" сатуды қарастырып жатыр. "Роснефтьтің" атқарушы директоры Игорь Сечин компания акцияларын көпшілік сатылымға шығарғаннан гөрі жеке тұлғаға сатқанды жөн көргенін айтады.

Италияның Il Sole 24 Ore басылысына берген сұхбатында Сечин компания акциялары Ресей экономикасының әлсіреуінен, мұнай бағасы төмендеп, Батыс елдері салған санкциялар салдарынан қазіргі әлемдік қор нарығында әділетті бағаланбай отыр деген.

Ресейдің экономикалық даму министрлігі қазір компаниядағы 19,5 пайыз үлесін жекешелендіру арқылы Ресей бюджеті тапшылығын жабуға 700 миллиард рубль (шамамен 20,5 миллиард доллар) қаржы табуға болады деп болжайды.

"Әлемдік мұнай нарығындағы жағдай мен санкцияларды ескерсек, компания акциясының қазіргі бағалануы оның шынайы бағасына сай келуі қиын" деген Сечин.

Ол осы себепті компания үлесін инвесторларға сатпас бұрын біраз уақыт өз акцияларының құнын арттыруға күш жұмсайтынын айтқан.

"Бұл қиындықтарды еңсеру басқасын айтпағанда мемлекеттің компаниядағы үлесін сатудан барынша пайда көруіне септеседі" деген "Роснефть" басшысы.

XS
SM
MD
LG