Accessibility links

Министрлік: Қажет болса допинг дауына қарсы шағымданамыз


Илья Ильин Лондон олимпиадасы кезінде.
Илья Ильин Лондон олимпиадасы кезінде.

Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) допинг дауына ілікке қазақстандық ауыр атлеттерді жүлделерінен айырып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысуына тыйым салса оған шағымданатынын мәлімдеді. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) 15 маусым күні «допинг сынамалары қайта тексеруде оң нәтиже берген» спортшылар тізімін жариялаған. Тізімде Лондон олимпиадасында алтын ұтып алған қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манеза бар.

IWF ережесіне сай он атлет тексеру толық аяқталғанға дейін ресми жарыстардан шеттетілді.

Сәкен Мұсайбековтің айтуынша, 27 маусымда ХОК-те тәртіптік комиссия спортшылардың Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысу-қатыспауы және Лондонда алған медалдерін қайтару мәселені талқылайды. "Осыдан кейін шешім шығады. Егер шешім біз үшін теріс болса онда оған 20 күн ішінде шағымдана аламыз. Бұдан соң шешім Халықаралық федерацияға түседі де, түпкілікті шешім шығады. Бұған дейін сынамалар күдікті деп саналады және спортшыларымызды кінәлі деуге болмайды. Біз спортшыларымызға заңдық тұрғыдан барынша көмектесіп, соңына дейін тұрамыз" деген Мұсайбеков.

XS
SM
MD
LG