Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық 20-экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және ресейлік бизнесмендермен кездесуді жоспарлап отыр. Қазақстан президенті сонымен қатар екі жақты бірқатар кездесу өткізбек.