Accessibility links

Жерорта теңізінде EgyptAir ұшағының "қара жәшігі" табылды


Egyptair компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
Egyptair компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Египет билігі Жерорта теңізінде өткен айда апатқа ұшыраған EgyptAir компаниясы ұшағының ұшқыштар кабинасындағы әңгіме мен ақпаратты жазып алатын құрылғысы ("қара жәшік") табылғанын хабарлады. Құрылғы бөлшектеніп кеткенімен, мамандар оның ақпарат сақтайтын картасын бүтіндей шығарып ала алған. Құрылғы сараптама жасау үшін Александрияға жіберіледі.

Құрылғы табылғаннан бірнеше сағат бұрын сүңгуір робот теңіз түбінен ұшақтың негізгі сынықтарын тапқан.

19 мамырда MS804 рейсімен Парижден Каирге ұшып шыққан ұшақ Египеттің солтүстік жағалауларынан 290 километр қашықтықта апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 66 адам түгел мерт болған. Апат себептері әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG