Accessibility links

Қазақстанда интернетте "суицидті насихаттайтын" 13 топ бұғатталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда бірнеше әлеуметтік желіде "кәмелетке толмағандар мен жастар арасында суицидті насихаттайтын" 13 топ бұғатталды деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасы ресми сайтында.

Облыс прокуратурасының ақпаратына қарағанда, Екібастұз қалалық прокуратурасы интернет сайттарын, оның ішінде "ВКонтакте", "mail.ru" және facebook" әлеуметтік желілеріне мониторинг жасап, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында "суицидті көңіл-күйді тура немесе жанама түрде жарнамалайтын ақпараты бар" 13 топты анықтаған.

Прокуратура мәліметінше, аталған топтарда балалар арасында суицидтік көңіл-күй мен өз-өзіне қол жұмсаудың түрлі тәсілдері туралы айтылады.

Бас прокуратура дерегі бойынша, 2015 жылы Қазақстанда өзіне қол жұмсаған 201 жасөспірім өмірден озған. Бұл көрсеткіш 2014 жылғымен салыстырғанда (192) 4,7 пайызға артық. Прокуратура мәліметіне қарағанда, былтырғы кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің 32 пайызы «отбасындағы ішкі проблемалар» кесірінен; 2,9 пайызы - жалғызсыраудан; 7 пайызы «туыстар арасындағы жанжалдар» салдарынан болған.

XS
SM
MD
LG