Accessibility links

Освенцимнің бұрынғы күзетшісі 5 жылға сотталды


Освенцим концентрациялық лагерінде күзетші болған Райнхольд Ханнинг. Германия, 13 мамыр 2016 жыл.
Освенцим концентрациялық лагерінде күзетші болған Райнхольд Ханнинг. Германия, 13 мамыр 2016 жыл.

Германия соты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Освенцим концентрациялық лагерінде күзетші болған 94 жастағы Райнхольд Ханнингті 5 жылға соттады.

Ханнингті 170 мыңдай адамның өліміне қатысы бар деп таныған сот "ол газ камераларында жазықсыз адамдар өліп жатқанын білген" дейді.

Айыптаушы тараптың пікірінше, Освенцимде 1942-1944 жылдары жұмыс істеген Ханнинг тұтқындарды бөліп, олардың қайсысы күшпен жұмыс істеуге, қайсысы газ камерасына өлуге кететінін шешкен.

Ханнингтің қорғаушылары оның ешбір тұтқынды өз қолымен өлтірмегенін айтады.

Бақылаушылар Ханнингтің соты нацистік концлагерьлерде қызмет еткен адамдарды сотқа тартқан процестердің соңғысы болуы керек деп болжайды.

2015 жылы шілдеде "Освенцимнің бухгалтері" деген атпен белгілі 94 жастағы Оскар Гренинг 300 мыңдай адамның өліміне қатысы бар деген айыппен 4 жылға сотталған.

Қазіргі Польша аумағында болған, 1 миллион 400 мыңдай астам адам өлтірілген Освенцим концентрациялық лагері тұтқындарының қалғанын совет әскері 1945 жылы қаңтарда азат еткен.

XS
SM
MD
LG