Accessibility links

Назарбаев Пан Ги Мунмен және Путинмен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған топ ресейлік бизнесмендермен кездесіп отыр. Санкт-Петербург, 16 мауым 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған топ ресейлік бизнесмендермен кездесіп отыр. Санкт-Петербург, 16 мауым 2016 жыл.

Санкт-Петербургте өтіп жатқан халықаралық экономикалық форумда жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Пан Ги Мун мен Назарбаев Қазақстан мен БҰҰ-ның әріптестігін талқылады.

Қазақстан мен Ресей президенттері кездесуінде екі елдің қарым-қатынасы, Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграциялық үдерістердің дамуына қатысты мәселелер сөз болды.

Петербург халықаралық экономикалық форумы маусымның 17-сі күні Санкт-Петербург қаласында ашылды. Оған Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Италия премьер–министрі Маттео Ренци, БҰҰ басшысы Пан Ги Мун сияқты саясаткерлер қатысып отыр.

XS
SM
MD
LG