Accessibility links

Назарбаев: әйел де Қазақстан президенті бола алады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қызы Дариға Назарбаева. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық экономикалық форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиын модераторы қойған сұраққа жауабында болашақта Қазақстан президенті әйел адам болуы мүмкін деп мәлімдеді.

«Қазақстанда тұрғындардың 51 пайызы – әйелдер. Гендерлік саясат қалыпты дамып келеді. Бізде парламент депутаттарының 30 пайызы – әйелдер. Үкімет құрамында бірнеше әйел министр бар. Сондықтан бұл әбден мүмкін, оның үстіне оған дайын әйелдер де бар. Менің үш қызым барын ескерсек, әйелдерге деген көзқарасым ерекше» деп мәлімдеген Назарбаев.

Қазақстанды ширек ғасырдан астам уақыт басқарып отырған президент Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап премьер-министр орынбасары болып қызмет атқарады. Оған дейін Назарбаева парламенттің төменгі палатасы жетекшісінің орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG