Accessibility links

Жер комиссиясы Алматы облысында көшпелі жиын өткізіп жатыр


Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының Алматы облысындағы жиынына қатысушылар. 18 маусым 2016 жыл. Тікелей эфирден скриншот.
Үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының Алматы облысындағы жиынына қатысушылар. 18 маусым 2016 жыл. Тікелей эфирден скриншот.

Жер мәселесі бойынша үкімет жанынан құрылған комиссия мүшелері бүгін Алматы облысындағы «Байсерке агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жүргізіп отырған жиынға Алматы облысындағы кейбір шаруашылық өкілдері де қатысып отыр.

Жақында премьер-министрдің шешімімен комиссия төрағалығына ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахмет тағайындалған.

Азаттық «жер комиссиясы» отырысынан тікелей видеотрансляция жүргізіп жатыр.

Қазақстанның бірнеше аймағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жекешелендіру және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсылықакциялары өткен соң ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 мамыр күні заңның даулы баптарына мораторий жариялап, жер реформасын талқылау үшін үкімет жанынан комиссия құрылған. Оның құрамына парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партиялар мен агробизнес, салалық қауымдастықтар өкілдері, ғалымдармен бірге енгізілген азаматтық белсенділердің кейбірі кейін комиссия қатарынан шығатындарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG