Бүгін Қазақстан аумағына қонған «Союз ТМА-19М» ғарыш кемесінің капсуласымен ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко, АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) астронавты Тимоти Копра және Еуропа ғарыш агенттігі астронавты, британдық Тимоти Пик жерге оралды. Бұл туралы Ресейдің ғарышқа ұшуды басқару орталығы өкіліне сілтеме жасап «Новости» агенттігі хабарлады.
Ғарыш кемесінің капсуласы Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласынан 147 километр жерде далаға қонған.
Экипаж құрамы жарты жыл бойы халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеді, олар 2015 жылы желтоқсанның 15-інде «Союз ТМА-19М» ғарыш кемесі тиелген зымыранмен Байқоңырдан ұшқан еді.
Қазіргі уақытта халықаралық ғарыш станциясында құрамында ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олега Скрипочка және NASA астронавты Джеффри Уилльямс бар экипаж жұмыс істеп жатыр.