Accessibility links

Полиция: Бестөбедегі қақтығыс бойынша қылмыстық іс қозғалды


Қазақстанның солтүстігіндегі алтын өндіретін кеніштердің бірі. (Көрнекі сурет.)
Қазақстанның солтүстігіндегі алтын өндіретін кеніштердің бірі. (Көрнекі сурет.)

Ақмола облысындағы Бестөбе кентіндегі шахтада бейсенбіде «Қазақалтын» акционерлік қоғамы жұмысшылары мен күзет агенттігі қызметкерлері арасында болған қақтығыстың мән-жайын қазір полиция органдары анықтап жатыр деп хабарлады Азаттыққа бүгін ішкі істер министрілігінің өкілі Олег Иващенко.

– Бестөбедегі оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жұмысшылар мен күзетшілер арасында қақтығыс болған. Қазір ол жерде жағдай орнықты. Болған оқиғаның мән-жайы анықталады, басқа ештеңе айта алмаймын, - деді ол.

Жергілікті басылымдардың ақпараты бойынша, бейсенбідегі төбелес кезінде атыс қаруы қолданылып, бірнеше адам жарақат алған. Бұған дейін Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз құралдарына Бестөбедегі оқиға барысында 10 адам зардеп шеккен деп хабарлаған.

Степногорск қаласы маңындағы Бестөбе кентіндегі алтын кенішіне «Қазақалтын» компаниясы иелік етеді. Кеніш Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 200 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG