Accessibility links

Әзербайжан ірі әскери жаттығу бастайтынын хабарлады


Әзербайжандық қарулы сарбаз. (Көрнекі сурет.)
Әзербайжандық қарулы сарбаз. (Көрнекі сурет.)

Әзербайжанда бүгін ірі көлемде жедел-тактикалық жаттығулар басталып, 24 маусымға дейін жалғасатыны туралы осы елдің қорғаныс министрлігі хабарлаған.

«Жаттығуларға 25 мыңға жуық әскери қызметкерлер, 300-ден астам танкі мен беренді әскери техника, 100-ден аса артиллериялық және зымыран қондырғылары, 40-қа жуық әскери авиация бірлігі мен 30-дан астам әуе қорғанысы жүйелері, әскери-теңіз кемелері мен арнайы мақсаттағы бөлімдер жұмылдырылады» дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Әскери жаттығулар Таулы Қарабақтағы жанжал аймағына жақын полигондарда, Нахичевань автономиялық аймағында және Каспий теңізінің Әзербайжанға тиесілі бөлігінде өткізілмек. «Бұл жаттығудың ерекшелігі сол, онда қорғанысы мықты шартты қарсыласқа қарсы жаңа технологиялық қару құралдарын кең көлемде қолдануға машықтанады» деп хабарлаған министрліктің баспасөз қызметі.

Жаттығуларға Әзербайжан қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Гасанов жетекшелік ететін болады деп хабарлайды «Вестник Кавказа» порталы.

XS
SM
MD
LG