Accessibility links

ІІМ: Тараздағы оқиға - теракт емес


Тараздағы арнайы жасақ қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Тараздағы арнайы жасақ қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Тараз қаласында 6-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірін полиция қоршауға алып, тұрғындарды эвакуациялаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарудан оқ атылып, екі адам жараланған.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Таразда полиция қызметкері зардап шеккені туралы ақпаратты растады.

– Онда ешқандай теракт, адам қазасы болған жоқ, - деді министрлік өкілі Олег Иващенко Азаттыққа, бірақ өзге ақпарат бермеді.

Тараздағы оқиға туралы Азаттық сауалына Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөзбен байланыс жөніндегі өкілі әзірше мәлімет жинастырып жатқанын айтып жауап берді.

«Қазақпарат» агенттігіне Жамбыл облыстық прокуратурасының хабарлауынша, күдіктіні ұстау кезінде екі адам – учаскелік полиция қызметкері мен 20 жас шамасындағы жігіт оқ тиіп жараланған.

Tengrinews сайты оқиға куәгерлерінің қарулы атыс туралы айтқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG