Accessibility links

БҰҰ: Фаллуджада соғыстан мыңдаған адам бас сауғалап қашты


Фаллуджаның орталығында жүрген Ирак әскери техникалар. 18 маусым 2016 жыл.
Фаллуджаның орталығында жүрген Ирак әскери техникалар. 18 маусым 2016 жыл.

БҰҰ мәліметінше, Ирак армиясы Фаллуджа қаласын экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы содырларының бақылауынан азат ететінін жариялаған соң қаладан мыңдаған бейбіт тұрғын бас сауғалап қашқан.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары басқармасының Ирак бойынша өкілі Бруно Геддоның мәлімеуінше, БҰҰ тез өзгеріп жатқан жағдайға жауап беруге ұмтылып жатыр. Геддоның сөзінше, Фаллуджада қоршауда мыңдаған адам қалып отырғандықтан таяу күндері босқындар саны көбеюі мүмкін.

Ирактың жоғары шенді әскери шенеунігі элиталық контртеррористік күштер кескілескен шайқас нәтижесінде содырларды ығыстырғанын айтады. Генерал Гайдер әл-Обейдидің сөзінше, ИМ содырлары зымырандарды, мергендерді пайдаланып, жарылғыш заттар толтырылған көліктерді жанкештімен жіберіп отырған. "Ирак күштері кәдімгәдей қарсылық танытылып жатқанына қарамастан бұрынғыдай шабуылдап жатыр" дейді ол.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади 17 маусымда қаланың бір бөлігінен содырларды ығыстырып шығарған соң содырлардың жеңілгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG