Accessibility links

Ильиннің Пекиндегі сынамасы да оң нәтиже берген


Илья Ильин.
Илья Ильин.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин олимпиадасының сынамаларын қайта тексергенде допинг іздері табылған спортшылардың тізімін жариялады.

Тізімде Пекин олимпиадасында 94 килограмм салмақта чемпион атанған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин де бар. IWF Ильиннің Пекиндегі сынамасынан станозол табылғанын хабарлады.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Лондон олимпиадасы (2012) кезінде алынған сынамаларды қайта тексергенде 10 атлеттің допинг қолданғаны расталғанын хабарлаған. Ол тізімде де Илья Ильиннің есімі болған.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жариялаған «допинг сынамалары оң нәтиже берген» спортшылар тізімінде 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алтын ұтып алған қазақстандық ауыр атлеттер - қазақстандық Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Мая Манеза да енген.

Енді бұл спортшыларды олимпиада медалінен айыру және Рио олимпиадасына жіберу мәселесін Халықаралық олимпиада комитеті шешеді.

Пекин олимпиадасында Қазақстан екі алтын, төрт күміс, жеті қола медальмен жалпы есепте 29-орын алған.

XS
SM
MD
LG