Accessibility links

Трамп сайлауалды кампаниясы менеджерін қызметтен босатты


Дональд Трамп.
Дональд Трамп.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партия атынан кандидат Дональд Трамп өзінің сайлауалды кампаниясының менеджері Кори Левандовскиді қызметінен босатты.

Трамптың ел көлемінде партия ішілік барлық дауыс беруде жеңіске жетуіне көмектескен Левандовски өзі мен Трамптың жаңадан жұмысқа алынған кеңесшілері арасында келіспеушілік туындаған соң қызметтен кетіп отыр. Келіспеушілік 8 қарашада жалпыхалықтық дауыс беруде сайлаушылар алдындағы Трамптың беделін қалай көтеру керек деген мәселеде туындаған.

Федералдық мәліметтер маусымның басында Трамп өзінің сайлауалды кампаниясына 1,29 миллион доллар қаржы жинағанын көрсетеді. Трамп бұл жағынан 42 миллион доллар жинаған Демократиялық партия атынан кандидат Хиллари Клинтоннан кәдімгідей қалып қойған.

20 маусымда АҚШ-тың федералдық соты өткен аптада Ұлыбритания азаматы Лас-Вегастағы сайлауалды митинг кезінде полицейден тартып алған тапаншасымен Трампты өлтірмек болды деп ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG