Accessibility links

Тәжікстанда қауіпті ойыншықтар тәркіленді


Ойыншықтар (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның "Тәжік стандарт" тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі адам денсаулығына зиянды сапасы төмен қолдан жасалған ойыншықтарды тәркіледі. Агенттік өкілдерінің Азаттыққа айтуынша, елдегі дүкендер мен базарлардан Қытайда шығарылған тоғыз мыңнан астам ойыншық алынған. Бұл ойыншықтарда қауіпті заттар, оның ішінде кадмий мен қорғасын бар делінеді.

Ойыншықтардың көбі Тәжікстанға заңсыз әкелінген. Осы айдың басында "Тәжік стандарт" агенттігі нарыққа қауіпті өнімдердің кіруін шектейтін жаңа ережелер ұсынған. Тәжікстандағы ойыншық, мектеп құрал-жабдықтары мен балалар киімінің көпшілігі Қытайдан келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG