Варшава соты 2010 жылы Смоленск түбіндегі ұшақ апатына қатысты іс бойынша қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкеріне шартты түрде түрме жазасын кесті. Польша үкіметі қауіпсіздік қызметі бастығының бұрынғы орынбасары Павел Белявна қызметіне салғырт қарады деп айыпталып, бір жарым жылға шартты түрде сотталып, үкіметте лауазымды қызмет атқару құқығынан бес жылға айырылды. Оған сонымен қатар 2 мың 600 доллар көлемінде айып салынды.
2010 жылы 10 сәуірде Смоленск түбінде "Ту" ұшағы апатынан Польша президенті Лех Качинский мен үкімет шенеуніктері бар, борттағы барлық 95 адам түгел қаза тапқан. Президент пен өзге жолаушылар 1940 жылы совет билігінің нұсқауымен өлтірілген польшалық офицерлерді еске алу шарасы өтетін Катынь ауылына ұшып бара жатқан.
Сарапшылар ұшақ апатына ауа-райы мен ұшқыштар тәжірибесінің аздығы себеп болды дейді.