Accessibility links

Киев: Донбаста сайлау өткізуге ЕҚЫҰ-ның 10-12 мың полицейі керек


Зорян Шкиряк, Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі.
Зорян Шкиряк, Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі.

Донбастағы өзін-өзі жариялап алған республикалар аумағында қауіпсіз сайлау өткізуге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 10-12 мың полицейі керек деп мәлімдеді Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Зорян Шкиряк.

Бірақ ол алдағы екі-үш жылда Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарында сайлау өткізудің мүмкін емесін айтты. Шкиряктің пікірінше, конституцияға "ерекше мәртебеге" қатысты ешқандай өзгерістер енгізілмейді.

Маусымның басында Киевте өткен баспасөз жиынында Донбастың оккупацияланған аудандарында сайлау өткізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Украина президенті Петр Порошенко ол аймақтарда қазір тек "оккупанттар сайлау өткізе алатынын", бірақ оны Украина да, әлем елдері де мойындамайтынын айтқан.

Ал ресейшіл сепаратистер Киевтен 14 шілдеге дейін Донбаста сайлау өткізу туралы өзара келісілген заң қабылдауды талап етеді. Өзін-өзі жариялап алған Донецк халық республикасының басшысы Александр Захарченконың мәлімдеуінше, талап орындалмаған жағдайда сепаратистер жергілікті сайлау өткізу өткізу шешімін бір жақты түрде қабылдай береді.

Киев Донбаста жергілікті сайлау өткізу үшін аймақтан ресейлік әскери техника мен әскер шығарылып, шығыс шекарада Украинаның бақылауы қалпына келтірілуі тиіс және аймақта халықаралық полиция миссиясы болуы керек дейді.

21 маусымда Парижде Франция президенді Франсуа Олландпен кездескен Петр Порошенко бұл талаптарды тағы да қайталаған.

XS
SM
MD
LG