Accessibility links

Германия "ИМ-ге қатысы бар" тәжікті ұстаған


Экстремизм айыбымен сотталушы тәжіктер. Көрнекі сурет

Германия прокуратурасы 22 маусым күні "Сирияға барып ИМ содырлар ұйымына қосылды" деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстағанын хабарлады. Толық аты-жөні жарияланбай тек Мухаммедсаид С. деп сипатталған адам Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде қамалған.

Прокурорлардың сөзінше, 30 жастағы ер адам 2015 жылдың сәуірінде Тәжікстаннан Сирияға жолға шығып, сол жақтағы ИМ ("Ислам мемлекеті") діни ультра-радикалдар тобына қосылған.

Күдікті радикалдың жихадшылар сапында соғысқаны, өз отандастарын экстремистік ұйымға қосылуға үгіттейтін видеоларға түскені айтылады. Прокурорлар Мухаммедсаид С. Сириядан 2015 жылғы қыркүйекте қайтып, жол-жөнекей Германиядан бір-ақ шыққан деп мәлімдеді.

ИМ содырлары 2014 жылғы жаздан бері Ирак пен Сирияның біраз аумағын жаулап алып, өз түсініктеріндегі "халифат" орнатуға кіріскен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG