Accessibility links

Германияда қарулы адамның кинотеатрға шабуылдағаны хабарланды


Көлік тексеріп жатқан германиялық полицейлер. Көрнекі сурет
Көлік тексеріп жатқан германиялық полицейлер. Көрнекі сурет

Жергілікті БАҚ 23 маусым күні Германияның Гессен жеріне қарасты Фирнхайм қаласында белгісіз қарулы адамның кинотеатрға шабуыл жасап, бірнеше адамды кепілге алғаны туралы хабарлады. BBC-дің мәліметінше, кем дегенде 20 шақты адам жараланған.

Bild газетінің мәліметі бойынша, қарулы ер адам Фирнхайм орталығындағы Kinopolis кинотеатрына тапанша ұстап баса-көктеп кірген. Шабуылшы иығына оқшантай іліп алған деп сипатталады.

Шабуылдаушы күдікті төбеге оқ атқан соң, кинотеатрда дүрбелең туып, адамдар жанталаса сыртқа ұмтылған. Төтенше оқиға орнын полиция қоршауға алған.

XS
SM
MD
LG