Accessibility links

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов болды


Қазақстан футбол құрамасы Чехия құрамасымен кездесу алдында. Чехия, қыркүйек 2015 жыл.
Қазақстан футбол құрамасы Чехия құрамасымен кездесу алдында. Чехия, қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. Бұған дейін ол бас бапкердің міндетін атқарушы болған. Байсуфиновті тағайындау туралы шешім бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында жарияланды.

Құрамының бас бапкері қызметі 2015 жылы желтоқсанда ресейлік маман Юрий Красножан бапкерліктен кеткен соң бос тұрған. Қазақстан құрамасын 2014 жылдан бері жаттықтырған Красножанмен жасалған келісім шарт ұзартылмаған. Жаңа бапкерді анықтау әуелде биыл қаңтардың соңына, кейін наурызға жоспарланған.

Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы биыл қыркүйекте 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігінің іріктеу ойындарына қатысады деген жоспар бар.

XS
SM
MD
LG