Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Цзиньпин "ауылшаруашылығы саласында ұзақ мерзімдік серіктестікті ары қарай да дамытуға келіскен".
Өткен айда британдық Financial Times басылымыныа берген сұхбатында Қазақстан ауылшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қытайдың Қазақстан ауылшаруашылығы саласына инвестиция салу жоспары барын айтқан. Исаеваның сөзінше, Қазақстан "қытайлық компаниялардың Қазақстандағы ауылшаруашылығы саласына инвестиция салғанына өте мүдделі екенін" және Қытайға "Қазақстанда өсірілген барлық өнімді экспорттай алатынын" айтқан. Министрлік мәліметінше, қытайлық компаниялар Қазақстандағы ауылшаруашылығыжобаларына 1,9 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев пен Цзиньпин кездесуде екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру керегін айтқан.