Accessibility links

Ақтауда теракт жағдайында қорғану жаттығуы өтіп жатыр


Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин журналистерге дәріс оқып тұр. Ақтау, 24 маусым 2016 жыл.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин журналистерге дәріс оқып тұр. Ақтау, 24 маусым 2016 жыл.

Ақтауда қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен журналистерге арналған теракт жағдайында қорғануға қатысты семинар мен жаттығу басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 29011 әскери бөлімінде әуелі журналистерге арналған семинар өтті. Онда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстандағы радикализм, экстремизм мен терроризм көріністері жайлы дәріс оқыды.

Бұдан соң Қазақстандағы жер мәселесіне қатысты митингілер мен Ақтөбедегі шабуыл, антитеррорлық операцияларды шетелдік, оның ішінде ресейлік ақпарат құралдарының қалай қамтығаны туралы фильм көрсетілді.

Теракт жағдайында қорғануға арналған жаттығу Каспий теңізінде өтпек. Жаттығу екі күнге созылады.

XS
SM
MD
LG