Accessibility links

Экс-полицей Өтеуовтің жазасы өзгертілмеді


Атыраудағы сот ғимараты. Көрнекі сурет
Атыраудағы сот ғимараты. Көрнекі сурет

24 маусымда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы "бастықтарымның тапсырмасымен кісі өлтірдім" деген мәлімдемесі арқылы белгілі болған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

2016 жылғы 3 мамырда Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Өтеуовті "адам ұрлады, қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдаланды, билік өкіліне зорлық көрсетті және тонаушылық жасады" деп айыптап, мүлкін тәркілеп, 22 жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның "сыбайласы" деп аталған Асан Құрбанбаев "ұрлық жасады" деген айыппен 4 жылға сотталған болатын.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовтің "арнайы тапсырыспен Өзбекстан азматы Дмитрий Кимді өлтіргені" үшін марқұмның отбасы мен өз туыстарынан кешірім сұрап, өкінген хаты жарияланған еді. Онда бұрынғы полицей Атырау қалалық ішкі істер басқармасындағы бірқатар лауазымды тұлғалардың атын атап, "Атырау қалалық ішкі істер басқармасы жезөкшелерден, бизнесмендерден ақша бопсалайтын үлкен бизнес орталық" деп мәлімдеген болатын. Қалалық ІІД бұл мәлімдемелерді теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG