Қырғызстан парламентіндегі «Онугуу-Прогресс» фракциясы педофилдерге өлім жазасын енгізуге қолдау білдірген 13 мың адамның қолын жинағаны туралы фракция жетекшісі Бақыт Торобаев мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Бақыт Торобаевтың сөзінше, «Күшті мемлекет – мықты отбасы» қоғамдық ұйымы азаматтардан қол жинап, фракцияға жолдаған. Бұл бастамаға қолдау білдірген «Онугуу-Прогресс» фракциясы Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу үшін ұсыныс әзірлемек.
Ресми мәліметтер бойынша, Қырғызстанда отбасындағы әлімжеттік пен балаларға зорлық жасау көбейгені байқалып отыр. 2015 жылы балаларға қатысты тіркелген 1019 қылмыстың 182-і жыныстық сипатқа ие. 74 балаға зорлық жасалған.