Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг қолданғаны үшін қазақстандық ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаевты сегіз, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды - төрт жылға спорттан шеттеді.
Қыдырбаев енді тек 2023 жылы, ал Өтешов пен Өміртай 2019 жылы жарысқа оралуға құқылы. Қыдырбаев осыған дейін бір рет допингпен ұсталып, жарыстан шеттетілген. Сондықтан ол "екінші рет допинг қолданды" деген айыппен сегіз жылға шеттету жазасын алып отыр.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеген.
Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев - қола медаль алған. Екеуінен де жүлделері қайтарылып алынады.