Қытайдағы Хунань провинциясында бүгін таңертең туристер мінген автобус жол бойындағы бөгетке соқтығысып жанып кеткен. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, апат салдарынан кемінде 30 адам мерт болып, 21 адам ауруханаға түскен. Автобус жүргізушісінен жауап алып жатқаны хабарланды.
Автобуста барлығы 56 адам отырған. Жергілікті билік орындарының болжамы бойынша, өрттің шығуына көліктен аққан май себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Қытайдың мемлекеттік Синьхуа агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қытайда жол-көлік апаты оқиғаларынан жыл сайын 250 мыңнан астам адам қаза болады.