Accessibility links

Павлодарда дауылдан ажыраған электр қуаты қайта қосылды


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Бүгін таңертең Павлодарда қатты желден кейін өшіп қалған электр қуаты қайта қосылды деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар министрлігі. Қалада электр қуаты 26 маусым күні жылдамдығы секундына 18 метрге жететін қатты жел тұрғанда ажырап қалған.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, дауылдан мың шаршы метрден астам аумақтың шатыры ұшып, шатыр конструкциясы жоғары кернеулі электр сымы магистралін үзген. Салдарынан қаланың орталық бөлігі мен өнеркәсіп орындары орналасқан солтүстік бөлігі электр қуатынан ажыраған.

27 маусым күні таң ата жөндеу жұмыстарынан соң электр қуаты қайта қосылған.

XS
SM
MD
LG