Accessibility links

Консорциум Березовка тұрғындарын көшіруге жәрдемдесуге міндеттелді


Батыс Қазақстан облысындағы Березока ауылына баратын жолдағы белгі (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстан облысындағы Березока ауылына баратын жолдағы белгі (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ газ конденсаты кенішін игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating B.V консорциумы Березовка ауылының әрбір отбасына көшуі үшін екі мың доллардан және Березовкада тіркелген әр отбасы мүшесіне 200 доллардан төлеуге міндеттелді. Бұл туралы бүгін Березовка тұрғындары алған ақпараттық хабарламада айтылған. Хабарламада кенішке жақын орналасқан Березовка тұрғындарын көшірудің екінші кезеңінің талаптары айтылған. Консорциумда Азаттыққа Березовкада бүгін тұрғындарға көшіру және көші-қон үшін берілетін ақшалай көмек туралы ақпараты бар парақшалар таратылғанын растады.

Облыс билігінің хабарлауынша, Березовка тұрғындарын көшіру 2016 жылдың соңына қарай жоспарланған және ол кеніштің санитарлық-қорғау аймағының кеңеюуімен байланысты.

Батыс Қазақстан облыстық әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Березовкамен көршілес Ақсай қаласында билік көшіп келушілерге арналған тоғыз қабатты екі үй (153 пәтер) мен балабақша салуды бастап жатыр. Билік Березовканың әрбір тұрғынына тиетін баспана көлемі кем дегенде 15 шаршы метрді құрайды дейді.

Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған.Экологиялық белсенділер "балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп" дейді. Бірақ Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мұнымен келіспейді.

2015 жылғы желтоқсанның ортасында билік көшірудің алғашқы кезеңінде Березовкадан Ақсай қаласына 82 отбасыны көшірген. Березовкада әлі 372 отбасы тұрып жатыр, оларды көшіру кейінге жоспарланған.

Осы айда облыс прокуратурасы консорциумнан "газды өз бетімен жағып, табиғатқа зиын келтіргені үшін" 526 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG