Accessibility links

Ердоған Ресеймен қатынасты "жедел" қалпына келтіруге шақырды


Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресеймен қарым-қатынасты "жылдам" қалыпқа келтіруден үмітті екенін мәлімдеді. Бұған дейін Ердоған түркиялық әскерилер атып түсірген ресейлік ұшақ ұшқышының отбасына көңіл айтқан. "Біз қазіргі екі ел мүддесіне де келмейтін жағдайға нүкте қойып, қарым-қатынасымызды тез арада реттейміз деп үміттенемін" деді Ердоған.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Twitter-де Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 29 немесе 30 маусымда телефонмен сөйлесетінін хабарлады.

2015 жылы қарашаның 24-і күні Түркия әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшағы «әуе кеңістігімізге кіріп кетті» деп, Ресейдің СУ-24 ұшағын атып құлатқан. Бұл оқиғадан кейін түрік президенті Режеп Тайып Ердоған «Ресей ұшағының Түркияның Сириямен шекарасын бұзып кіргенін, бірақ өз елінің ұшақ ату оқиғасына қатысы Ресеймен қарым-қатынасын ушықтырғысы келмейтінін айтқан. Ұшақтан парашютпен секіріп түскен ұшқыштардың бірін «Сириядағы көтерілісшілер атып өлтіргені» хабарланған. Ресей президенті Владимир Путин бұл оқиғаны «ту сыртымыздан берілген соққы» деп атап, Түркияға санкция жариялаған.

Екі ел қарым-қатынасының жақсарғанының тағы бір белгісі Түркия президенті баспасөз қызметінің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың 1 шілдеде Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы кездесуіне қатысу үшін Сочиге баратыны туралы хабарламасы болды. "Біз Түркия мен Ресей екі жақты қарым-қатынасты жақсарту қадамдарын жасауға келіскенін қуанышпен хабарлаймыз" делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG