Accessibility links

Молдованың бұрынғы премьері тоғыз жылға сотталды


Молдованың экс-премьері Влад Филат сотта отыр. Кишинев, 27 маусым 2016 жыл.
Молдованың экс-премьері Влад Филат сотта отыр. Кишинев, 27 маусым 2016 жыл.

Молдованың бұрынғы премьер-министрі Влад Филат коррупция айыбымен тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Кишинев соты 27 маусымда Филатты қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды және коррупциялық қылмыс жасады деп айыптады. Сот сонымен қатар Филатты мемлекеттік марапатынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуге және бес жыл мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруға үкім етті.

Үкім жарияланған соң прокурорлар сот тым "тым жеңіл жаза" тағайындағанын мәлімдеп, үкімге шағымданатынын айтты. Олар Филатты 19 жылға соттауды сұраған.

2009-2013 жылдары Молдова премьер-министрі болған Влад Филат 2015 жылдың қазанында тұтқындалған. Оған банктен бір миллиард доллардың жымқырылуына қатысты іс бойынша айып тағылған. Филат өзіне қарсы айыпты терістеп, істің саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG