Accessibility links

Мәсімов: Ауру малды көметін орындарды күзетуді күшейту керек


Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.
Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында сібір жарасының шығуына байланысты елдегі ауру мал көмілген орындарды күзетуді күшейту қажетін мәлімдеді.

Кеше ұлттық экономика министрлігі Қарағанды облысының Шет ауданы Еркіндік ауылында сиырдың сібір жарасын "ауру малдарды көметін жерге жақын жайғандықтан" және екпенің дұрыс жүргізілмеуінен жұқтырған болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Астанада үкімет отырысында сөйлеген Мәсімов ауру малды көметін орынды күзету "іс жүзінде бақылаудан шығып бара жатқанын" айтты. Мәсімовтің сөзінше, ірі қара малына ветеринарлық бақылауды күшейту керек.

- Меніңше, ветеринарлық бақылауда қай жерде егпе салынып жатыр, қай жерде салынбай жатыр, ол қай жерде сақталатынын қадағалау әлсіз, - деген Мәсімов.

20-23 маусым аралығында Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасына сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен сегіз адам түскен. Оның екеуі қайтыс болған. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданы Қалбатау ауылында екі тұрғын сібір жарасын жұқтырған. Ресми орындар оларды дәрігерлер қарап жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG